Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс орындарына квота белгілейді

0 78

Елордалық жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс орындарына квота бөледі: 50-ден 100 адамға дейін – 2%; 100-ден 250 адамға дейін – 3%; 251-ден жоғары – 4%.

c-1

Сонымен қатар, жұмыс орындарына квота пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын тұлғаларды 1% көлемінде жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.

Осыған байланысты Астана қаласының жұмыс берушілері тоқсан сайын жұмыс орындарының саны мен квотаны орындау туралы мәліметтерді Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметтерді қабылдау порталына (www.cz.e–akimat.kz) есеп беру ақпаратын өткізуі тиіс.

Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың айтуынша, бекітілген квоталар халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарға еңбек нарығында өз орындарын табуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, 2016 жылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау іс-шараларымен 599 мүмкіндігі шектеулі тұлға қамтылды. Соның іщінде 238 адам жұмысқа орналастырылды, төленетін қоғамдық жұмыста 355 адам қатысты және даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудан 6 адам өтті.

stana.gov.kz.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 8 =