Астанада маса шаққан келіншек көз жұмды

0 125

      

    31 тамыз күні Астана қаласының 28 жасар тұрғыны өзін маса шағып, көзінің алды ісіп кеткені жөнінде №1 қалалық аурухананың дәрігерлеріне қаралады. Шағын дәрігерлік кеңестен кейін ақ желеңді жандар келіншекке аллергияға қарсы дәрі егеді. Алайда, келіншек дәрі егілгеннен  кейін бірден есінен танып, құлап түседі. Пациентті сол бойда бірден өкпесін жасанды демалдыру аппаратына қосады. Бірақ, көп уақыт өтпей маса шақты деп көзінің алдындағы ісікке ем іздеп келген адамның жүрегі тоқтап қалады.
Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тергеу амалдары жүріп жатыр
.Ал, №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Әбуовтың айтуынша, бұл кісіні токсиколог дәрігер бірден қарап, ауруханаға жатуын сұраған. Алайда, ол 1 қыркүйек күні балаларын мектепке апаруы керек екенін айтып, жатып емделуден бас тартқан көрінеді.
Ол өзі өтініш жасап, «мен ауруханаға жата алмаймын, мені қажетті дәрімен емдеңдер» дегенсін медбике «преднизолон» дәрісін еккен.
Шындығында, келіншек аллергиямен көптен аурады екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =