Астанада көлік тұрағы көбейеді

0 122

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне байланысты француздар Есілдің сол жағалауына 3 көпдеңгейлі автотұрақ салмақшы. Осыған байланысты жексенбі күні Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен VINCI компаниясының Орталық Азия бойынша коммерциялық директоры Франсуа Шевалье өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде Астанада көліктің көптігіне бай­­ланысты тек күндіздің өзінде 13 мың­­ға жуық көлік қоятын орын же­­тіс­­­пейтінін айта келіп, 2017 жыл­­ға­ дейін 7 автотұрақ салу жос­­­пар­­­ланып отырғанын жеткізді.

Есілдің сол жағалауында бой кө­­­­­­­­­­­те­­ретін бұл көлік орындарының 3-еуін осы француз компаниясы мо­­йнына алып, биыл құрылысын бас­­­­тауға әзір. Мемлекеттік-жеке­мен­­­шік әріптестік негізінде жүзеге асы­­рылатын жобалар 30 жылдан ке­­йін муниципалдық меншікке өтетін болады.

– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өткізілуіне байланысты елордада талқыланып жатқан жобалар көп. Солардың бірсыпырасы биылға жоспарланған. Өздеріңіз қолға алуға ықылас білдіріп отырған паркингтер жобасы да соның ішін­­­де. Бұдан бөлек, осы жылдың соңына дейін тағы 4 автотұрақтың құ­­жат­­та­­ма­­ларын әзірлеп, бұл жобаларды да мем­­лекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырмақшымыз, – деді Қанат Таңатарұлы.

Қос тараптың жүздесуінде сөз ал­­ған VINCI Construction Grands Pro­­jets компаниясының Орталық Азия бо­­йынша коммерциялық директоры Фран­­суа Шевалье бұл келісім Астана әкімдігімен жасасқан алғашқы пилоттық жоба болып отырғанын, бұдан кейін де Қазақ елінің жас елордасының дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосуға әрдайым дайын екендігін атап өтті.

Өздері туралы әңгімелеген Шева­­лье мырза компанияның көп дең­­гей­лі көлік тұрақтарын салудағы тә­­­­­­жі­­рибесі мол екендігін, құрылыс жұмыстарында қазіргі заман талабына сай келетін сапалы материалдар ғана пайдаланатынын айтып өтті.

Олар Астанаға бағаналары жоқ, көлік кедергісіз, еркін кіріп-шығатын ірі автотұрақтар салып бермекші. Бұған қоса, елордаға ұсынатын жеңілдіктері де бар көрінеді.
Өзара келісімдер туралы құжатқа қол қойған қос тарап әріптестікті одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − eighteen =