АСТАНАДА ХОККЕЙ КОРТЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

0 154

ZAH_1449

Бүгінде Астанада алты жүзге тарта спорт нысаны бар. Енді солардың қатарына тағы бір зәулім ғимарат қосылады. Бұл туралы қалалық
Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Қабдулинмен тілдескен едік.

– Самат Амангелдіұлы, елордада бой көтеретін Хоккей кортының ерекшелігі жөнінде айтып берсеңіз?

– Бұл алып ғимараттың тапсырыс беру­шісі – «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы. Жалпы, спорттық ойын­дардың ішінде хоккей қысы ұзаққа созылатын елдерге тән екені белгілі. Сон­дықтан, Астана сияқты алты ай қыс болатын қалаға бұл нағыз таптырмас спорт түрі. «Алау» мұз айдыны жұрт­шы­лықтың аяғы үзілмейтін мекенге ай­-
налғалы қашан. Хоккей корты да спорт­сүйер қауымның асыға келетін орнына айналатынына сенімдімін. Оның үстіне, Хоккей кортының ішінде жабық бассейн де болады деп жоспарланып отыр. Онда 50 метрлік үлкен бассейн және 25 метрлік кіші бассейн болады деп күтілуде.

– Демек, осы жабық бассейнде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды өткізуге бола ма?

– Бұл туралы ғимарат салынып біт­кеннен кейін айтқан жөн.

– Хоккей корты елорданың қай жерінде салынып жатыр? Құрылысы қашан аяқталмақ?

– Хоккей корты Тұран даңғылының бойында «Астана-Арена» стадионының жанында бой көтеруде. Жоспар бойынша құрылысы келесі жылы аяқталмақ.

 Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − sixteen =