Астанада дуатлон жарысы өтті

0 146

Елорданың туған күні қарсаңында Астанада дуатлоннан екінші ашық турнир ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және танымал велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты.

Кәрім Мәсімов

– Астанада осындай дуатлон жарысын өткізу туралы идеяны Әділбек Рыскелдіұлы қала әкімі болып отырғанда көтерген еді. Мен де бұған қолдау көрсетуге уәде еткенмін. Меніңше, мұндай ауқымды шара – бас шаһардың тұрғындары үшін үлкен мереке, – деді Үкімет басшысы К.Мәсімов.

Астана дуатлон

Өз кезегінде Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Жақсыбеков барша отандастарды спортпен айналысуға шақырды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде, соның ішінде Астанада спорт пен мәдениетті дамытуға көп көңіл бөлінуде. Жыл сайын спорттық сайыстар қатары артып келеді. Ұлтымыз үшін ең басты байлық – денсаулық. Сондықтан бәріңіз де спортпен шұғылданыңыздар, – деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Астана дуатлон

Еске сала кетейік, биылғы жарыс қатысушылары 25 шақырымдық қашықтықты бағындырады. Бұл арақашықтық кездейсоқ таңдалмаған. Жолдың ұзақтығы мерейтойлық дата – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен сәйкес келеді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =