Астанада «Drone Racing Kazakhstan» атты дрондар жарысы бойынша алғашқы республикалық чемпионат өтеді

0 115

afisha-kaz

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылғы 16 желтоқсанда «Drone Racing Kazakhstan» атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат өтеді, ол астаналық «Барыс Арена» мұз айдынында өткізіледі. Бұл жарыстардың негізгі мақсаты – робот техникасы мен пилотсыз ұшу аппараттарын (бұдан әрі – ПҰА) дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау.

Ең үздік пилот атағы және басты жүлде – 1 миллион теңге үшін –- республиканың барлық өңірінен келген жарысушылар өзара жарысқа түседі. «Дрондар жарысын» оның көрінісі бойынша аңызға айналған «Формула-1-мен» салыстыруға болады, тек дрондар үш өлшемді шамадағы жарыс трассасынан өтеді, мұнда қатысушыларға трасса учаскелерін жылдамдықпен өту қажет. Біздің елімізде мұндай деңгейдегі жарыс алғашқы рет өткізіліп отыр және оның осы тәрізді техниканы жасаушылардың қызығушылығын тудыратыны даусыз.

Чемпионат барысында «DroneExpoKazakhstan2016» атты пилотсыз ұшу аппараттары мен робот техникасының көрмесі де өткізіледі. Келушілер дрондардың түрлі модельдерімен танысып, авиамоделисттер мен робот бұйымдарының көрмесін қарап шыға алады, сондай-ақ ПҰА түрлі модельдерінің құрылғылары мен ерекшеліктері туралы біліп, шеберлік сыныптарына қатыса алады, жас робот техниктері клубының жасаған дүниелерін көре алады. Чемпионат «Роботтар шайқасы» ойын-сауық шоуын және Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының өнерін тамашалаумен аяқталады.

Дрон-рейсинг біртіндеп дамып, енді әлем чемпионаты деңгейіне шықты, сондықтан «Drone Racing Kazakhstan» жарысындағы жеңіс – алдағы уақытта біздің еліміздің атынан халықаралық жарыстарға түсетін алғашқы Ұлттық жарысшылар құрамасына кіру мүмкіндігі болып табылады.

            Өткізілетін уақыты: 16 желтоқсан сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін

            Салтанатты ашылу рәсімі: 16 желтоқсан сағат 16:00

            Өткізілетін орны: «Барыс Арена» мұз айдыны

            Іс-шараны ұйымдастырушы: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ

            Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға жүгінуге болады:

+7 7172 69 55 99 (1949)

+7 701 222 76 95

Бізді мына сілтемелерден қадағалап отырыңыз:

www.ke.kz,

facebook.com, Kazakhstan Engineering;

instagram.com,  @Drone_expo_kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + twelve =