Астанада банкоматтар азайып барады

0 115

141219130611_sberbank_624x351_rianovosti

Соңғы екі жылда тұрғындардың төлем карталарына деген көзқарасы жақсы жағына қарай айтарлықтай өзгерді. Көпшілігі картамен ақшаны алып қана қоймайды, онымен түрлі төлемдер де жүргізеді.

Карталарды қолдану көле­мінің артуы заңнамалық өзгерістер жасауға да алып келді. Сауда нүктелерінің бә­рінде төлем карталарын қа­был­дайтын болды. Адам­дардың еңбекақыны карталар арқылы алу мүмкіндігі туды. Әрі карталарға банктер жұмыс берушіні емес, қызметкердің өзін тіркейді.
– Бірақ қазір Қазақстанда банкоматтық желілерді азайту басталды. Қаңтар-мамыр айларында банкоматтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға төмендеген екен. Ал, керісінше 2016 жылдың мамыр айында карталық транзакциялардың мөлшері одан бұрынғы жыл­дың осындай кезеңімен салыс­тырғанда 23 пайызға артып, 828 млрд теңгеге жетті, – деген қорытынды жасайды Ranking. kz сайтының Қазақстан экономикасы мониторингі жобасы бойынша сарапшылары.
Еліміздің банкомат желісінің 11 пайызы Астанада орналасқан. Бүгінде 1009 банкоматтан 994-і ғана қалған. Ал елорда тұр­ғындарындағы карта саны миллионнан да көп. Бірінші маусымда олар 998 мың дебетті, 66 мың несие лимиті бар дебетті, алдын ала төленген төлем карталарын және 17 мың кредитті карталарды ұстаған.
Ұлттық Банктің мәліметіне қарағанда, халықаралық жүйе­­­­­­дегі төлем карталарын 26 қазақстандық банк және «Қазпошта» АҚ шығарады. Сонымен бірге, бірқатар банк­тер өздерінің жергілікті төлем карталарын ұсынады екен.
Тұрғындар карталарды тө­лем­дер жасау үшін де жиі қолданатындықтан, банктерге кез келген жерге көп мөлшерде банкомат орнатудың да қажеті болмай барады, соның ішінде елордада жеткілікті. Бүгінде банктер тек қана өздерінің жаңа банкоматтарын орнатуды ғана көздеп қоймай, басқа банктермен әріптестік байланыс орнату бағытында келіссөздер жүргізеді.
Нақтырақ айтқанда, банко­маттар бұрынғысынша сұра­нысқа ие. Астаналық карта ұстанушылар мамыр айында тауарлар мен қызметтерге, негізінен, POS-терминалдар мен Интернет арқылы 14,3 млрд теңге көлемінде төлем жасаған. Карталар арқылы қолма-қол ақша, негізінен, банкоматтардан шығарылған, оның көлемі 77,7 млрд теңгеге жеткен.
Жалпы, карталар бойынша операциялар саны уақыт өткен сайын артып келеді.

Валентина ВЛАДИМИРСКАЯ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + four =