Астанада ашық шахмат фестивалі өтеді

0 99

000002

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және таяу шет мемлекеттерден келген 250-ге жуық шахматшы жыл сайынғы Astana-Open 2016 шахмат фестиваліне қатысады. Шара Астана қаласының әкімдігінің және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шахмат федерациясымен және «Гамбит» шахмат мектебімен ұйымдастырылады.

Жарыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер құрамасын әлем біріншіліктеріне дайындау. Оған халықаралық гроссмейстерлер, жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия біріншіліктерінің, чемпиондары мен жүлдегерлері, шеберлер қатысады.

Фестиваль бағдарламасына балалар мен ересектер арасындағы түрлі форматтағы бес турнир енгізілді: халықаралық гроссмейстерлер мен шеберлердің қатысуымен өтетін блиц-турнир, опен-турнир, спорт шеберіне кандидат нормасы бар турнир, 8-ден 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы «Жас жұлдыздар» турнирі.

Фестиваль халықаралық шахмат күні – 20 шілдеде сағат 17.45-те М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =