Мәдениет

Астанада ақын-жазушылардың «Алтын-қалам» форумы өтті

Астана«Алтын-қалам» форумы өтті
Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйытқы болуымен Достық үйінде XXVІ қалалық тіл фестивалі өтті. Фестивал аясында Астана қаласы қаламгерлерінің қатысуымен «Алтын-қалам» тақырыбында семинар — форум өтті.
Форум тізгінін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы ұстады.

Ауқымды шараға ЖО-ның Астана қалалық филиалындағы ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысып, ел өміріндегі және Астана қаласының руханият саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында ел болашағы үшін айтылған мәселелер кеңінен талқыланып, қазіргі әдебиеттің қал жайы, жастардың беталысы, қаламақы мәселесі сияқты көптеген түйткілді түйіндердің шешу жолдары қарастырылып, ұсыныстар айтылды.

Соңында АЭС тақырыьы да назардан тыс қалмады. Зиялы қауым өкіллері де қоғамның бір бөлігі ретінде бұл мәселеге аса қатты назар аударатындықтарын жеткізіп, оның тиімді және тиімсіз тұстары ортаға салынды.

Ал өз кезегінде Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп басқарма тарапынан істеліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ары қарай сөз алған ақын, жазушылар қазақ тілінің мәртебесі және елдің ертеңі туралы сөз қаузап, ой бөлісті.
Ал Жазушылар одағына мүше зиялы қауым өкілдеріне алдағы уақытта бір реттік степендия тағайындалмақ.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button