АСТАНАДА «АҚЫЛДЫ БЕСІК» БАР

0 231

бесик

Елордалық жас өнертапқыш Серікбол Шәймардан бала жылағанда өздігінен тербелетін «Smartbesik» ойлап тапты.

Ақылды бесіктің артықшылығы көп. Біріншіден, бала жыласа, ол  өздігінен дыбыссыз тербеледі. Бала тәрбиесіне арналған таңдамалы әндер енгізілген әрі қалауыңыз бойынша әлдилеп отырып тербетеді. Өнертапқыштың айтуынша, бесік 12 вольттық кернеумен жұмыс жасайтындықтан, балаға қауіпсіз. Тіпті, қарапайым  батарейкамен де жұмыс істей береді. Басқарғыш пульт арқылы  тербелу уақытын өзіңіз реттейсіз. Бір қызығы, бала дәретке отырса, көрпесі ашылып қалса немесе дене қызуы көтерілсе автоматты түрде белгі береді. Құрылғы жеңіл әрі жиналмалы. Жалпы бағасы – 50 мың теңге.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 2 =