Астанада 600-ден астам адам жастар тәжірибесіне жіберілді

0 126
Жыл басынан бері 623 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
zhumys

Жастар тәжірибесі – оқу орындарының түлектері алған мамандықтары бойынша бастапқы тәжірибе жинауы үшін орындалатын, төленетін еңбек қызметінің түрі. Оған қатысу ұзақтығы – 6 айға дейін, жалақысы айына 45 800 теңгені құрайды. Тәжірибе меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 16 адамға әлеуметтік жұмыс орындары (жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен келісімшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялаумен құратын жұмыс орны) берілді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 1 =