Астанада 400-ден аса азамат бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің арқасында жұмыс тапты

0 164
Елорданың Жұмыспен қамту орталығы өткізетін бос орындар жәрмеңкелері әр жастағы түрлі мамандық иелеріне жұмыс табуға көмектеседі, жәрмеңкеде көптеген мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады. Мысалы, жыл басынан бері 400-ден аса жұмыс іздеуші жұмыс тапқан. Олардың арасында біздің кейіпкерлер де бар.
zhumys

Астана тұрғыны Гүлжан Татиева қазір «051» қызметінде есеп үстелінің бухгалтері болып еңбек етеді. Ол елордаға отбасымен бірге Павлодардан көшіп келген.

«Өміріміздегі бір жағдайға байланысты елордаға көшуге тура келді. Бұл жерде мен бос орындар жәрмеңкесінде бухгалтердің жұмысын таптым. Менің тәжірибемді ескере отырып, бірден мемлекеттік кәсіпорыннан жұмыс ұсынды, әңгімелесуден сәтті өттім, іріктеуге көп адам қатысты», – дейді Гүлжан.

Бухгалтердің жалпы жұмыс өтілі – 20 жылға жуық. Оның айтуынша, жаңа орында оны жақсы қабылдаған, ұжым өте тату.

«Маған бұл жұмыс өте ұнайды, қазір есеп үстелінің бухгалтері болып жұмыс істеймін. Біздің «051» қызметі Астана халқына кез-келген жағдай бойынша көмектеседі. Өз жұмысыма жауапкершілікпен қарау арқылы халыққа аз да болса, көмегім тиетініне қатты қуанамын», – дейді бухгалтер.

Елордада сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де өтеді. Астана тұрғыны Баян Оспанованың үшінші дәрежелі мүгедектігі бар, ол – Мемлекеттік мұрағат қызметкері. Әр уақытта әйел мұғалім, түрлі мемлекеттік құрылымдарда аудармашы болып жұмыс істеген.

«2013 жылы көзім нашарлай бастады, сол себепті мемлекеттік қызметтен кетіп, операциядан кейін бір жыл үйде отырдым, содан соң бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің арқасында жұмыс таптым. Мұндай жұмыс компьютердің алдында көп отыруды талап етпейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтып отырғаны үшін әкімдікке, елімізге алғыс айтамын», – дейді Баян Оспанова.

Жалпы, жыл басынан бері жұмыссыз азаматтарға арналған 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =