АСТАНА ЖАС ДАРЫНДАРДЫ АЯЛАЙДЫ

0 115

001577c-asli

Бес жылдан бері жалғасып келе жатқан «Аялаған Астана» балалар байқауына өтініштер қабылдау аяқталды. Бір жарым ай ішінде ұйымдастыру комитетіне 317 өтініш келіп түсті. Ендігі кезекте қазылар алқасының төрайымы, байқаудың бас продюсері Лина Арифулина бастаған музыкалық редакторлар тобы жіберілген бейнежазбаларды саралап, байқауға қатысатын 12 үміткерді таңдайды.

Астана әкімдігі, Астана қаласының мә­дениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасы, «АРС» продюсерлік орта­лығы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұйым­дас­тырып отырған байқауға Қазақ­станның түкпір-түкпірінен 7 мен 13 жас ара­лы­ғын-дағы талантты балалар қатысып келеді. Әр қатысушы түрлі жанрдағы екі ән жазып, оның бейнежазбасын қазылардың назарына ұсынады.
Биылғы іріктеу кезеңінің қорытындысы 1 наурызда жарияланады. Одан өткендер Астанаға дайындыққа шақырылады. Екінші кезең оқушылардың көктемгі демалыс күндері – 27 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді. Ал бас жүлдегерді анықтайтын V республикалық «Аялаған Астана- 2017» балалар телевизиялық байқауының финалы 2 сәуірде «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Үміткерлердің өнерін танымал отандық және шетелдік әншілерден құралған қазылар алқасы бағалайды. Сонымен қатар, халық­аралық музыкалық байқаулардың шарттарына сәйкес көрермендер де байқаудың жеңім­пазын таңдауға қатыса алады. СМС дауыс беру­дің қорытындысы қазылар алқасының шешім­­дерімен қосылып саналады. Осылайша «Аялаған Астана – 2017» байқауының жеңім­пазы анықталады.
Бұл байқаудың бас жүлдегері «Детская Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + eighteen =