«Астана» – жарыс алдында

0 25

Пандемияға байланысты тоқтап қалған халықаралық жарыс­тардың жаңа кестесі жариялана бастады. Осы ретте Қазақстан велошабандоздары да маусымдық жарыс жолына шығатын үздіктерді анықтады.

Әлемдік жарыстарды ел намысын қорғайтын «Астана» велоклубының көшбасшысы, Қазақстан чемпионы Алексей Луценко жаңа маусымды Италияда өтетін «Страде Бьянке» турынан бастайды. Содан кейін команда велошабандоздары «Гран Триттико Ломбардо», «Милан-Турин» және «Милан-Сан Ремо» жарыстарына қатысады. Мигель Анхель Лопес пен Алексей Луценко «Критериум дю Дофине» турнирінде жұптасып бақ сынайды. Сондай-ақ Қазақстан чемпионы жылдың байрақты бәсекесі «Тур де Франс» велокөпкүндігінде сынға түсетін болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × five =