АСТАНА ҮЗДІКТЕРІН АНЫҚТАЙДЫ

0 169

Астана таңдауы

Астанада қала әкімінің бастамасымен үшінші жыл қатарынан өткелі отырған «Астана таңдауы» жалпы қалалық кәсіптік байқауға өтініштер қабылдау басталды.

«Астана таңдауы» байқауы кәсіптік бағыт-бағдар береді. Оны өткізу аса өзекті болып отыр, себебі, сұранысқа ие әлеуметтік мамандардың қоғамдағы рөлі әлі де болса маңызды. Басқарманың мәліметтер базасында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің өтініштері жарияланады. Біз жұмысқа орналасуға келіп түскен өтініштердегі мамандықтарды және «Астана таңдауы» байқауында ұсынылған кәсіптерді салыстырдық. Бұл тізім сәйкес келеді, сұраныс пен ұсыныс бірдей деуге болады. Бүгінгі таңда байқау сұраныс қалыптасқан мамандықтарды – құрылысшы, дәрігер, мұғалім және басқаларды дәріптеуге ықпал етеді» деп атап өтті осы байқаудың маңыздылығы жөнінде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан.

«Астана таңдауы» байқауына қаты­суға өтініштерді қабылдау 2014 жылғы 7 сәуірде басталды. Байқаудың мақсаты – қала тұрғындарының пікірінше үздік мамандарды – педагог, қоғамдық көліктің жүргізушісі, учаскелік инспектор, дәрігер, энергетик, жол жөндеуші және құрылысшыны анықтау. «Астана таңдауы» байқауына белгілі бір қызметкер­дің кәсібилігі мен жанқиярлығын байқаған елордамыздың кез-келген тұрғыны ұсына алады. Бұл үшін 31 мамырға дейін tandau@astana.kz электронды поштасына өтініш-анкета жолдау керек.

Байқау жекелеген қала тұрғындарының ерен еңбегі туралы айтып беруге және мамандардың жас буынына үлгі болар азаматтарды анықтауға, сонымен қатар, осы мамандықтардың беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Өтініштер жиналған соң қатысу­шы­лар­дың барлық анкеталары Астана қаласы әкімдігінің astana.gov.kz ресми сайтына орналастырылады. Ал 1-25 маусымда ашық дауыс беру жүргізіледі. Байқау жеңімпазы ең көп дауыс жинау арқылы анықталады.

«Астана таңдауы» байқауы алғаш рет Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен 2012 жылы ұйымдастырылды. Содан бері байқауға жүздеген адам қатысып, мыңдаған астаналық дауыс берді. Өткен жылы «Астана таңдауы» байқауына қатысушыларға адамдардың рекордты саны – 87 мыңнан астамы дауыс берген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 4 =