Астана үздіктері таңдалады

0 99

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен өткен жылы «Астана таңдауы» бай­қа­уы басталған еді. Елордалық әлеуметтің аса қызығушылығымен өткен айтулы бай­қау биыл да сәтімен жалғасын таппақ. Бұл байқаудың ең бас-ты ерекшелігі үз­дік­терді таңдауға әрбір астаналықтың қа­тысуына мүмкіндік беріледі. Яғни, же­­ңімпаз халықтың дауыс беруімен анықталатын болады.

Биылғы «Астана таңдауы – 2013» байқауында 7 номинация бойынша үздік мамандар таңдалмақ. Атап айтқанда, топ жарар «Ұстаз», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жол жөндеуші» және «Құрылысшыны» анықтайтын боламыз.

Байқауға Астана қаласында жұмыс істейтін барлық азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ қатысушының жасы мен еңбек өтіліне ешқандай талап қойылмайды. Ең бастысы, ұсынылған немесе дауыс берілген адам өз ісінің шебері, адал еңбегімен елеулі маман болса болғаны.
Сонымен, «Астана таңдауы – 2013» байқауының бірінші кезеңі басталып кетті. Өтінім-сауалдамалар қабылдау кезеңі 31 мамырға дейін жалғасатын болады. Өзіңіз қалаған байқауға қатысушы-маман туралы мәліметті astana-tan­dauy-2013@gmail-com электронды пош­­тасы арқылы; 010000, Астана қаласы, Бей­­бітшілік көшесі,25-үй, 401-бөлме ме­кен­-жайына жай пошта арқылы; Астана қаласы әкімдігінің www.astana.kz сайтына орналастыру арқылы; «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығына 8(7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласу арқылы және байқаудың әлеуметтік желілері беттеріне орналас-тыру арқылы жеткізе аласыз.
Екінші кезең – ашық дауыс беру кезеңі. Дауыс беру мерзімі 1 маусымнан – 30 маусымға дейін жалғасады. Астана қаласы әкімінің www.astana.kz ресми сайтына іріктеліп орналастырылған өтінім-сауалдамалар бойынша ең көп дауыс жинағандар байқау номинацияларының жеңімпазы болып анықталады.

Байқау жеңімпаздары тек қана абырой-атаққа бөленіп қоймай, Астана қаласы әкімдігінің кәдесыйлары мен материалдық жүлделеріне ие болады. Ал үздіктерді марапаттау рәсімі мерейлі мерекеміз – Астана күні қарсаңында өтетін болады.

Олай болса, жаныңызда жүрген өнегелі маманды байқауға ұсынып, оның жеңіске жетуіне тілек білдіріңіз. Астананың үздіктерін таңдауға қатысудан қалыс қалмайық, қадірлі елордалықтар.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 5 =