«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана – туристерге тартымды қала

0 152

Бизнес-туристің Астанадағы бір күндік шығыны шамамен 600 АҚШ долларынан асады.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Махуас Хелена журналистерге арналған «Іскерлік ту­ризмді дамыту үшін кә­сіпкерлік қызметтерді қолдау» тақырыбындағы семинарда осындай деректі мәлім етті.
– Бірақ бұл – 2006-2016 жылғы статис­тикалық мәлімет. Соңғы екі жылдың көрсеткіші әзірге жарияланған жоқ, – дейді ол.
Оның айтуынша, халықаралық деңгейде өтетін конференция, форум сияқты түрлі шаралар қаланың әлеу­меттік ахуалының жақ­­саруына зор серпін бе­реді. Ал Астанада ондай шараларды өткізуге ла­йықты 30-дан аса кө­рікті орындар мен ту­ристер аялдайтын 200-ден аса отель бар.
– Барселона, Париж, Прага, Вена қалалары осындай шараларды өткізуден көш бастап тұр. Жалпы, әлем елдері бойынша іс-шаралардан түскен бір жылдық қаржы 11 триллион долларды құраған. Міне, халықаралық шараларды өткізудің пайдасы осындай, – дейді Махуас Хелена. – Астанада жобалар өте көп. Жаңадан бой көтерген халықаралық әуежай мен теміржол бекеті заманауи үлгіде салынған. Жолаушыларға өте ыңғайлы. Осының арқасында Қазақстанды транзитті ел ретінде дамытуға болады. Жалпы, Астана – туристерге ыңғайлы қала. Елорда­ның Орта Азиямен қатар, көптеген әлем қалаларының арасында көшбасшы шаһарға айналуға мүмкіндігі мол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды