Астана төріндегі айтыс

0 37

Елордада тәуелсіздіктің 30 жылдығына және қала күніне орай «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Тәуелсіздік тұмарым» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Аламан бәйгені Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ұйымдастырды.Шараның мақсаты – Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетiстiктерін, халықтар достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты, қазақтың топырағында ғұмыр кешкен ақындар туралы, тарихи тұлғалар жайлы емiн-еркiн жырлап, егеменді еліміздің жетістіктерін тілге тиек ету.
Айтысқа елімізге танымал 16 ақын (8 жұп) қатысты. Кешті әдеттегідей Жүрсін Ерман тізгіндесе, Әсия Беркенова, Қойлыбай Асанов, Аманжол Әлтаев, Ахметжан Өзбеков, Жанарбек Әшімжан, Дәулеткерей Кәпұлы, Ғалым Жайлыбай сынды тұлғалар әділ қазылық жасады. Бас жүлдені Еркебұлан Қайназаров пен Қалижан Білдәш, бірінші орынды Олжас Отар, екінші орынды Серікзат Дүйсенғазы мен Рауан Қайдар, ал үшінші орынды Нұрмат Мансұр мен Ержеңіс Әбді иеленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − four =