Астана – тоқ қала

0 157

food_www.donbass

Астана­ тұрғындары күніне 1,5 мың тонна тамақ жейді екен.

Қазіргі кезде қала өз өндірісі есебі­нен тұрғын халықты нанмен, макарон өнімдерімен және ұнмен толықтай қамта­масыз етіп отыр. Ал, азық-түлік белдеуіне кіретін аймақтан елордаға жалпы тұты­ным­дағы тағам түрлерінің 35 пайызы, яғни, 190 мың тонна азық жеткізілді. Қалған азық-түлік түрлері еліміздің өзге өңірлері мен шетелдерден келеді екен.

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында Астанада 4758 тонна макарон, 224 тонна сүт пен кілегей, 40286 тонна ұн, 4600 тонна нан, 379 тонна шұжық өндірілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =