«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана – ТМД аумағындағы іскер қала

0 202

Мәскеуден ақжолтай хабар жетті. Астана ТМД-дағы іскерлік және уақиғалық туризмнің ең үздік қаласы атанды. Бұл туралы жыл сайын тапсырылатын «Business Traveller Russia&CIS Awards 2018» сыйлығының салтанатты рәсімінде айтылды.

«Астана конвеншн бюро» ЖШС-ке сілтеме жасап елордалық әкімдік сайты хабарлағандай, салтанатты кешке халықаралық әуе компаниялары, қонақүй бизнесі, өнеркәсіптік құрылымдар, банктер, корпорациялар өкілдері, ірі-ірі халықаралық компаниялардың топ-менеджменті мен жетекшілері қатысқан.
Дауыс берудің нәтижесінде Астана екі бірдей аталым бойынша жеңімпаз атанды. Бірі – «Жылдың ең үздік бизнес-дестинациясы», екіншісі – «ТМД-ның ең үздік іскерлік және уақиғалық туризм қаласы». «Business Traveller Awards» сыйлығы жыл сайын іскерлік туризм саласындағы айтулы жетістіктер мен инновациялар үшін беріледі. Атап айтарлығы, бұл беделді жүлденің бір айырмашылығы – объективтілігінде. Өйткені жеңімпаздарды қазылар алқасы мен сарапшылар комиссиясы емес, дауыс беру арқылы басылым оқырмандары анықтайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды