«АСТАНА ТАҢДАУЫ» БАСТАЛДЫ

0 115

фото сау

Жыл сайын өтетін «Астана таңдауы» байқауына өтініштер қабылдау басталды.

Дәстүрлі байқаудың белсенді қолдаушысы әрі қатысушысы –«Астана-РЭК» акционерлік қоғамы. Аталмыш компания басқармасы басшысының орынбасары Жанат Машкенов «Астана таңдауы» байқауы елордалық энергетиктер үшін кәсіби қызметті ынталандыруға зор ықпал етеді. Бізде өз мамандығын өте құрметтейтін жұмыскерлер көп. Олардың бәрі өздеріне артылған жауапкершілікті сезінеді.Сондықтан, биылғы байқауға да елордалықтар көптеген энергетигімізді ұсынады деп ойлаймыз» дейді.

«Астана таңдауы-2014» байқауына өтініштер Астана әкімдігінің www.astana.gov.kz ресми сайтында қабылданады. 1-20 маусым аралығында ашық дауыс беру арқылы педагогтар, дәрігерлер, учаскелік полиция инспекторлары, жол салушылар, қоғамдық көлік жүргізушілері, құрылысшылар мен энергетиктер арасында үздіктер анықталатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 11 =