©2020 Астана Ақшамы
АСТАНА ТАЛАНТТАРДЫ АЯЛАЙДЫ
«Аялаған Астана!» республикалық телевизиялық байқауына еліміздің барлық аймақтарында 8-12 жас аралығындағы бүлдіршін әншілерді іріктеу жүргізіліп жатыр.
Астана қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтетін байқаудың финалы шілденің 4-6 күндері Астана қаласында өтеді. Ақтық сайысқа аймақтық сындардан сүрінбей өткен балалар қатысады. Байқау жеңімпазына 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. Ол, сонымен қатар, «Детская Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстан атынан сайысқа түсетін болады.
«Аялаған Астана!» байқауына ресейлік «АРС» компаниясы мен «Евразия» телеарнасы қолдау білдіріп отыр.