«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана» қара үзіп барады

0 142

Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында «Астана» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен ойнады.

Еуропа лигасының кезекті ойынының алдындағы бұл матчта «Астана» негізгі құрамдағы бірқатар ойыншыларын демалдыруды жөн санапты. Бірақ бұл елордалықтардың көш басындағы орнына кері ықпалын тигізе қоймады.
Алаң иелері ә дегеннен алға ұмтылып, қонақтардың қақпасына біраз қауіп төндірді. Толассыз шабуыл 38-минутта нәтижесін берді. Есеп ашқан – Рангело Янга. «Жетісу» әжептәуір тірескенімен, ойын соңына таяғанда екі минутта тағы екі гол жіберіп алды. Ол екеуін де Марин Томасов соқты. Алғашқысын тоғыздыққа топ еткізсе, екіншісінде қақпашымен бетпе-бет келіп, бойынан асыра салды.

Осылайша «Астана» 67 ұпаймен артынан ілесіп келе жатқан Алматының «Қайратынан» 7 ұпай ұзады. «Қайрат» бұл турда өз алаңында «Ақтөбені» 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Ал қалған ойындар барлығы, атап айтсақ, «Тобыл» – «Ордабасы», «Ертіс» – «Атырау», «Қызылжар» – «Қайсар», «Шахтер» – «Ақжайық» матчтары түгел 1:0 есебімен және алаң иелерінің басымдығымен аяқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды