«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13, анықтама телефоны: 8 (7172) 703279, ump.astana@gmail.com, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс жариялайды:

0 533

1. Студенттермен және мектеп жастарымен жұмыс бөлімінің басшысы (D-O-3 санаты, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 84 563-тен 114 032 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық ету. Жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру. Жастар арасында шығармашылық, рухани және дене шынықтыру тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру. Астана қаласында мемлекеттік жастар саясатын орындау. Жоғары, орта және арнайы орта оқу орындарының жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіру. Қаладағы аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру. Елорданың жастар ортасындағы қоғамдық-саяси жағдайға талдау жүргізу. Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша қала әкімідігінің қаулылары мен концептуалдық құжаттарды іске асыру мен жоспарлауға қатысу. Бөлім қызметіне қатысты жұмысты үйлестіру мен талдау жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, білім, құқық саласындағы жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республи­ка­сы­ның «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­­да­рын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлға­лар­дың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стра­те­гиясын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Респуб­ли­касы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжы­рым­да­масын білуі қажет.

2. Студенттермен және мектеп жастарымен жұмыс бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жастар ұйымдарымен жұмыс жасау. Жастар арасында мәдени және азаматтық-құқықтық тәрбие беру іс-шараларын іске асыру. Мектеп жастары мен студенттердің қоғамдық-саяси мәселелері бойынша талдау және болжам жүргізу. Қаладағы аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік жастар саясатының қалалық бағдарламаларымен танысып, орындау. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің жұмыстарын үйлестіру, кеңестің материалдарын дайындау. Жоғары органдардан келіп түскен корреспонденциялармен жұмыс жасау. Жастар форумдарын, фестивалдарын және басқа да түрлі деңгейдегі жастармен басқосуларды ұйымдастыру және өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Гумани­тар­лық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, білім, өнер, техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санат­тағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, білім, өнер, техни­ка­лық ғылымдар және технологиялар, құқық саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республика­сы­ның «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мем­ле­кет­тің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі; «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын білуі қажет.

3. Әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Басқарманың мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу. Құқықтық мәселелерді шешу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша есептер беру. Бөлім­нің құзырына қатысты мәселелер бойынша қала әкімінің қаулылары мен әкімдіктің өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжат­тар­ды дайындауға қатысу.
Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем­ емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республика­сы­­ның «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мем­ле­кет­тік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдарын білуі қажет.

4. Әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063-тен 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қаржылық есептілікті жүргізу, құру және қамтамасыз ету. Бюджет бойынша орындау есептілігін жүзеге асыру. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім әзірлеу. Басқарманың материалдық құндылықтарының сақталуына бақылау жүргізу.
Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республика­сы­ның «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп­тілік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексін білуі қажет.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауал­нама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiр­ме­лерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәлан­ды­рылған көшiрмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізі­лі­мін­де 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысан­дағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткен­дігі туралы қолданыстағы сертификат құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішін­де «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мем­ле­кеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13, 1-қабат, № 4 бөлмеге құжаттарды тапсыру қажет.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тір­кел­ген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орна­лас­тырылған) құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін, электрондық пошта арқылы тапсырған азаматтар құжаттарының түпнұсқасы, әңгімелесуге дейін кемінде бір жұмыс күн ішінде тапсырылуы қажет.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде үміткерлерді әңгімелесуге шақырған күннен кейін бес жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімімен байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутат­та­ры­ның, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық апарат құралдарының, басқа мемлекеттік орган­дар­дың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), ком­мер­ция­­лық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − six =