Астана қаласының тұрақты қалалық маршруттарында жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау­ құқығына ашық конкурс жарияланады

0 106

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және авто­мо­биль жолдары басқармасы 2013 жылғы 10 шілдеде сағат 15.00-де Бейбітшілік көшесі, 11, 547 каб. мекен-жайында Астана қаласының маршруттарында жолаушылар автокөлігімен қызмет көрсету құқығына төмендегі бағдарлар бойынша ашық конкурс жария­лай­ды:

лот № 1 – маршруттар № 2, № 24;
лот № 2 – маршруттар № 7, № 32;
лот № 3 – маршрут № 16;
лот № 4 – маршруттар № 18, № 19;
лот № 5 – маршрут № 21;
лот № 6 – маршрут № 33;
лот № 7 – маршрут № 37;
лот № 8 – маршруттар № 48, № 50.

Конкурсқа меншікті немесе жалға беру құқығына ие автокөлік құралдары (автобустар) бар, кез келген заңды және жеке тұлғалар, меншік формасына қарамастан қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы жазбаша өтініш тапсырып, конкурс құжаттарының пакетін ақысыз алуы тиіс.

Қатысушылар конкурс құжат­та­ры­мен белгіленген уақыт аралығында танысып, қажетті деген формаларын толтырып және конкурс комиссиясының хатшысына 2013 жылғы 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін тапсыруы тиіс.

Белгіленген уақыттан кешігіп түскен құжаттар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Кәсіпорын орна­лас­қан (қоныс аударған) жердегі жылжымалы құрам, сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жыл­жы­­малы құрамды жөндеуге арналған өндірістік-техникалық, диспетчерлік және медициналық пункт­тер­ конкурс өткі­зіл­генге дейін сараптамалық комис­сиямен барып тек­се­ріледі.

Конкурс жеңімпазымен жолаушылар авто­көлік­те­рі­мен­ қызмет көрсетуге 5 жылға шарт жасалады.

2013 жылғы 14 маусымда сағат 10.00-де конкурс комис­сиясы Бейбітшілік көшесі, 11, № 545 кабинет мекен-жайында конкурс алдында қатысушылардың конкурс өткізуге қатысты барлық сұрақтарына жауап беруге конференция өткізеді.

Конкурс құжаттарының пакетін, маршруттардың негізгі сипаттамаларын және конкурс өткізудің тәртібі мен шарттары бойынша қажетті анықтамаларды Бейбітшілік көшесі, 11, № 545 кабинет мекен – жайын­­да конкурс комиссиясының хатшысынан алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 556745.

Астана қаласының Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 16 =