«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 3/1, телефон: 8 (7172) 54-09-47, факс 8 (7172) 54-09-37), «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

0 106

Құрылыс бөлімінің бас маманы, (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім (құрылыс мамандықтары бойынша).
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салада екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технология (құрылыс мамандықтары бойынша) саласындағы біліммен рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын білу, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.
Функционалдык міндеттері: Тағайындалған объектілерде орындалатын құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемi мен құнының бекітілген жобалар, сметалар, ҚНмЕ-лерге сәйкестiгiн бақылау. Тағайындалған объектілерде жұмыстардың шарттық мерзiмде орындалуын және объектiлердiң белгiленген мерзiмде пайдалануға тапсырылуын бақылау. Құрылысты бұзуға, жер асты және жер үстіндегі коммуникацияларды ауыстыруға арналған заңды және техникалық құжаттарды рәсімдеуге қатысу. Ф2В және Ф2Б актілерін рәсімдеу. Жұмыс өндірісінің үдерісінде талап етілетін барлық техникалық және басқа да құ­жаттарды папка-досьеге жинақтау арқылы объекті­лер бойынша есепке алуды жүргізуге бақылау
жасауды қамтамасыз ету және оларды тағайын­далған объектілерде толық сақтау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: белгіленген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Рес­публикасының Нормативтік құқықтық акті­лердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат, құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде («Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттері), «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 3/1 үй, № 206/1 кабинеті мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тір­келген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгі­мелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей беру қажет.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үміт­керлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − thirteen =