Астана қаласының мәслихаты депутаттарының елорда тұрғындарына үндеуі

0 94

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Жалпықалалық сенбіліктер қаламыздың игі дәстүріне, қаламызды таза, әрі әдемі қалаға айналдыруды қалаған бәріміз үшін еңбек мерекесіне айналды. Таза қала – бұл тек коммуналдық қызметкерлердің ғана емес, сондай-ақ қаламыздың барлық тұрғындарының ісі деп санаймыз.

Аулалар мен кіреберіс жолдарды тазарту, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жөнге келтіру, жасыл көшеттерді күзеу, жиектастарды әктеу барлығымыздың қолымыздан келеді. Ағашты отырғызған, орындықты жөндеген немесе ауланы сыпырып, тазартқан адам өз қолымен істеген еңбегін бүлдірмейтіндігі белгілі.

Барлығымыз бірге аулаға шығып, әрбір ауланы, әрбір кіреберіс жолды, бекітілген аумағымызды тазалап, ретке келтірейік, туған қаламызға деген сүйіспеншілік пен құрметті ісімізбен дәлелдеп, өз үлесімізді қосайық!

Сүйікті қаламызды сөз жүзінде емес, оған деген құрметіміз бен сүйіспеншілігімізді ісімізбен дәлелдеп, қаламыздың одан да құлпыруына бір кісідей ат салысайық.
Біз, елорда мәслихатының депутаттары, барлық астаналықтарға, кәсіпорындар, мекемелер, оқу орындарының басшылары мен еңбек ұжымдарына, кәсіпкерлерге, қоғамдық және жастар ұйымдарына өз ауласының, өз көшесінің ауласын тазалап, жинастыруға белсенді қатысуын сұраймыз. Тек бірлесе отырып қана біз қаламызда қолайлы өмір сүру бойынша айқын жетістіктерге қол жеткіземіз.

 Ардақты астаналықтар!

Сіздерді қала әкімдігінің бастамасын қолдап, 21 қыркүйекте қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз.

Құрметпен, Астана қаласының депутаттық корпусы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − three =