Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

0 103

22 және 23 қазанда «Хан Шатыр» СОСО маңындағы аумақта Солтүстік Қазақстан облысының «Өңір берекесі» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірдің және облыс орталығының 100-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері қойылады. Астанада 741 тонна ауыл шаруашылығы өнімін сату жоспарланған, соның ішінде: ет және сүт өнімдері, балық, жеміс және көкөністер, шұжық өнімдері, бал және т.б. бар. Жәрмеңкеге 100-ден аса өнім түрлері ұсынылады.

c-1

Жәрмеңке аясында Солтүстік Қазақстан облысы шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды мәдени бағдарлама дайындалған. 18 қазанда сағат 18:30-да М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрермендер назарына Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының «Мағжанның соты» қойылымы ұсынылады.

21 қазан күні сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері «Елім-ай» тарихи дастанының желісінде «Дауылпаз баба – Қожаберген» спектаклін сахналайды.

Кішкентай көрермендер үшін «Жастар» сарайында 19, 20, 21 қазан күндері сағат 10:00, 12:00, 14:00-де облыстық қуыршақ театры «Әуеле, домбыра!» спектаклін қояды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін 21 қазан сағат 10:00-де «Менің досым – бағдаршам» атты қайырымдылық қойылымы көрсетіледі.

20 қазан сағат 11:00-де Астана қаласының мемлекеттік мұрағатында Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының ұйымдастыруымен «Солтүстіктің байлығы: бірегей мұрағат құжаттарындағы тарих» көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара аясында қала тарихы, облыс ортылығының атақты тұлғалары туралы «Петропавл қаласы» атты деректі фильм көрсетіледі.

22 қазан сағат 11:00-ден бастап Бейбітшілік және келісім сарайында СҚО-ның мұражайлық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Туған жердің тартылысы» көрмесі, сондай-ақ жергілікті суретшілердің «Өңір маржаны» көрме экспозициясы ұйымдастырылады. Осы жерде ағашты оюлау, қайың қабығынан және киізден түрлі бұйымдар жасау сияқты қолданбалы өнер түрлерінен шеберлік дәрістері өтеді.

22 қазан сағат 11:00-де Ұлттық кітапхананың көрме залында С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың «Солтүстік Есіл өңірі  өрісі биік өлке» безендірілген кітаптар көрмесі өтеді.

22 қазан сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Мағжан елінен-Елорда төріне» атты гала-концерті өтеді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 9 =