Астана қаласында дезинсекциялық шаралар (өңдеулер)өткізу туралы

0 135

Елораданың климаттық жағдайлары және орналасқан жері дезинсекциялық жұмыстарды өткізуді қажет етеді: батпақтар, қамысты өсімдіктердің өсуі, жерасты­ суларының биік орналасуы­ үйлердің жертөлелерін су басуына­ және масалардың өсіп-өнуіне­­ ­себеп болады. 

Дезинсекциялық туры алдында өңдеу­лер мерзімін анықтау үшін жән­дік­­­тердің фенологиясын энто­мол­о­гия­­лық зерттеу жүргізіледі. Өңдеу­лер сәуір мен қазан айлары аралы­ғын­да айына 1 рет жел бағыты, гидро­кли­мат­тық­ факторларды есепке ала отырып жүргізіледі, бірақ астанада масалар толық жойылмайды, тек саны азаяды. Масалар кешкі мезгілде аулауға шыға­ды­ және сол кезде белсенді болған­дық­тан, өңдеулер кешкі-түнгі кезде жүргізіледі.

Аталған жұмыстар коммуналдық кәсіпорын «Астана-Көгалдандыру» АҚ (негізі-тендер) жүргізеді, атал­ған жұмыстарға лицензиясы бар.
Алдын алу жұмыстарын жүргізуге қарқынды өсіп-өнуіне және ашық кеңістікке ұшып шығуына ықпалын тигізетін үйлер аумақтары және жертөлелердің санитарлық- техника­лық жағдайы қиындық туғызады.

Эпидмаңызды нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлерде өңдеулер келісім-шарт негізінде жүргізіледі, Сіз кон­до­ми­нимум мүшесі ретінде алдын алу жұмыстарын жүргізуді талап ете аласыз.

Сонымен қатар, қала аумағында және квартал ішінде өңдеулердің жүргі­зі­луіне түсінікпен қарауыңызды сұрай­мыз. Себебі, аталған жұмыстар маса­лардың белсенді болған кешкі-түнгі кезінде жүргізіледі, яғни, Сіздің дема­латын уақытыңызда.

Жою жұмыстары ҚР сәйкестік және мемлекеттік тіркеу сертификаты­ бар инсектицидтерді қолданумен жүр­гі­зі­леді. Аталған препараттардың ерекше жайылмайтын иісі бар және адам ағза­сына зиянды әсері жоқ.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мем­ле­кет­тік санитарлық-эпидемиоло­гия­лық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (тел. 317-247) немесе электрондық мекен-жайға (Gorses-astana.kz) хабарласуыңызға бола­­ды.

Майра ЖҮСІПОВА,
ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша­ департаменті
басшысының орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =