Астана қаласында биылдап бастап жұмыспен қамтитын жаңа бағдарлама жүзеге асырылады

0 135

Қазір қоғамда кәсіптік мамандарға сұраныс жоғары. Екі қолға бір күрек іздегендерді осы салаға бейімдеу – жұмыссыздықты жоюдың бір жолы. Осы бағытта Астана қаласында биылдан бастап «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының орнына жаңа «Нәтижелі жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлік» бағдарламасы іске асырылмақ.

img_0087

Жұмыспен қамту мен бұқаралық кә­сіпкерлікті дамытудың жаңа бағдар­ламасын іске асыру барысында техникалық және кәсіби біліммен, сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету қолға алынады. Бұл бағытта Астанада жалпы 1550 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту көзделуде. Оған қоса, жаңа бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарымен, жастар практикасымен және қоғамдық жұмыстармен 2780 адамды қамту жоспарда бар.
Қала халқының еңбекпен айналысуына барынша жағдай жасалған елордада былтыр жұмысқа ор­­на­ласуға жәр­дем­десуді сұраған жұрт­тың 75 пайы­зы әлеуметтік қол­­дау шаралары­мен қамтылған. Дәлірек айтсақ, Халықты жұ­мыс­пен қамту орталығына 14 010 адам жүгі­ніп, соның ішінде 10 496 адам оң жауап алған.
Ал өткен жылы жұмысқа орналасқан­дардың нақты саны – 7 628 адам. Оның 661-і жастар практикасына жіберіліп, 121-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Сондай-ақ, 2 169 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылып, 699 адам кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Астана 2016 жылы жаңадан 18 849 жұмыс орны құрылды. Оның 17 343-і – шағын бизнес саласына тиесілі.

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − ten =