©2020 Астана Ақшамы
АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ЖОБАЛАРЫ БАЙҚАУЫ
Сенің жасың 14 пен 29 аралығында болса, оз жобаңмен туған қалаңды өзгерткің келсе, Жастар саясаты мәселелері басқармасы жариялаған инновациялық идеялар мен жобалар байқауына қатыс.
Басты талаптар: инновациялық өнертабыс, бірегейлік, экономикалық жағынан тиімділігі, бір сөзбен айтқанда, өмірді жақсы жаққа өзгертетін, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына үлесін қосатын жоба болуы тиіс.
Байқау номинациялары:
«Ең үздік инновациялық технология»;
«Ең үздік инновациялық өнім»;
«Ең үздік инновациялық идея»;
«Балалар инновациясы».
Байқауға қатысуға өтінімдер 2014 жылдың 5 сәуіріне дейін қабылданады.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласыңыздар: Астана қ., Абай көш., 9. Байланыс тел./факс: (7172) 230626, электрондық пошта: ules2020@mail.ru