«Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ, 010000, Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшесі, 16, анықтама телефондары 8 (7172) 20-07-66, факс 21-94-12, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

2 1  852

1. Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысына (D-O-3 санаты, 1 бірлік).
Әкімшілік мемлекеттік қызметінің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84 563 теңгеден бастап 114 032 теңгеге дейін.
Қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Юриспруденция), Қызмет саласындағы жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» «Нормативтивтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасының Еңбек Ко­дексін», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: ҚР Президенті, Үкіметі актілерін, қала әкімінің өкімдері мен тапсырмаларын және мекеме басшысы бұйрықтарының орындалуын бақылау. Мекеме басшысының ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылау. Мемлекеттік мекеме мен бөлімнің жыл сайынғы және кварталдық жоспарын дайындау. Қала әкімі, оның орынбасарлары, мекеме басшысының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау. Мемлекеттік мекеменің іс номенклатурасын құрастыру. Мемлекеттік мекемені құжаттық қамсыздандыруды ұйым­дастыру. Мемлекеттік мекемеде іс жүргізу мен тәртіптік орындалуды бақылауды жүзеге асыру. Қатаң есептегі бланклердің қолданылуына бақылау жүргізу және қол­дануға жарамсыз қатаң есептегі бланклерді есептен шығару және жою. Мұрағаттық іс жүргізу және жұмысты ұйымдастыру. ҚР Президенті, Үкіметі және басқа да жоғары атқарушы органдардың тапсырмалары мен актілерінің орындалуын қамтамасыз ету. Құқықтық даулар кезінде белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғау. Мекеме басшысының бұйрықтары, келісім шарттар, нұсқаулықтар және құқықтық басқа да құжаттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру, белгі қою. Мемлекеттік мекеменің жұмысшыларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайда болған құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру. Мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын құқықтық оқыту бойынша іс-шаралар жүргізу және қолданыстағы заңнаманы зерттеу. Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді қолданылуын бақылауды жүзеге асыру. Бухгалтерлік, бюджеттік және қаржы-құжаттық қызметті ұйымдастыру, тауарлық және қаржылық ресурстардың үнемді қолданылуын бақылау, ұйым меншігінің сақталуын қамтамасыз ету. Заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есептік саясатты қалыптастыру. Бөлім мамандарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мер­зімдерін бақылау.
2. Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманына (D-O-4 санаты, 1 бірлік ).
Әкімшілік мемлекеттік қызметінің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64 063 теңгеден бастап 86 485 теңгеге дейін.
Қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Білім, Қызмет, Құқық (Юриспруденция) саласындағы жоғары білім.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Білім, Қызмет, Құқық (Юриспруденция) салалары бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемле­кеттік мекеменің жұмысшыларына жалақы­ны, демалыс және жарамсыздық парағы ақысын уақытылы есептеу және карт-счетке аудару. Қазынашылық жергілікті органдармен және екінші дәрежелі банктермен бюджеттік бағдарламалар бойынша өзара әрекеттесу. Бюджеттік бағдарламалар бойынша бухгалтерлік ақпараттың дерек қорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындау. Бюджеттік бағдар­ламалар бойынша мұрағатқа тапсыру үшін бухгалтерлік құжаттардың белгіленген тәртіппен сақталуын, дайындалуын қамта­масыз ету. Бюджеттік бағдарламалар бойынша Астана қаласының қаржы басқармасына ай сайынғы және кварталдық қаржылық есепті даярлау және мерзімінде тапсыру. Бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық және бірреттік шарттарды Қазынашылық органдарында тіркеу. Бюджеттік бағдарламалар бойынша төлем құжаттарын (ақы төлеуге шот, тапсырыс) даярлау және оларды Астана қаласының қазынашылық департаментіне жіберу. Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік тапсырыстар даярлау және Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыну. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын даярлау. Негізгі құралдар, метериалдық емес активтер және басқа да тауар-материалдық құндылықтарды бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жұмыстарды атқару. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын даярлау және бекітуге ұсыну. Астана қаласының мәслихаты сессияларының шешіміне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бо­йынша мемлекеттік сатып алуларға аукциондар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру. Конкурстық және аукциондық құжаттарды даярлау. Мемлекеттік сатып алу бойынша Қазақстан заңнамасымен қарастырылған журналдарды жүргізу. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді даярлау және оларды құзіретті органдарға тапсыру. Өткізілген конкурстар мен аукциондар бо­йынша құжаттардың дайындалуын бақылау. Мемлекеттік сатып алу жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Жүргізілетін мемлекеттік сатып алуды мониторинг жасау. Өз қызметі және бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: (белгіленген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландырудың соңғы басылымынан кейін, ресми бұқаралық ақпарат құралдарында («Астана ақшамы», «Вечерняя Астана») соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде келесі мекен-жайға ұсынылуы қажет: 010000, Астана қаласы, Иманова көшесі, 16, «Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ, 213 бөлме.
Конкурс комиссиясының қарауына құ­жаттарды қабылдау мерзімінде азамат­тардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беру қажет.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ өтеді.

«Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ

  1. Ергали :

    Сәлеметсіздерме ? Еңбекақының кешіктірілуне байланысты қалай арыз жазсам болады ?басшылық еш себепсіз жалақыны бермей жатыр не істеуге болады ?

  2. Сауле :

    Сәлеметсізбе? Еңбек ақымызды алу жайында есепшіге барсақ толық жауап бермейді, мен білмеймін 1s жасайды деп құтылады. Отпускамыз уақытылы түспейді екі аптадан кейін түседі. Оны сұрасақ ақша жоқ дейді. Отпуска кезінде кейбір кісілерге сыйақы төлейді демалыстағы адамдарға түсірмейді кейде береді, кейде бермейді. Айлығымыз құбылып тұрады. Жұмыс орнымызды келіп тексеретін дұрыс есептеп беретін кім? Осы уақытқа дейін қаншама еңбек ақымызды жеп келеді. Қашанға жемтік боламыз. Бізде айлыққа қарап отырған адамбыз. Пенсиянерлерді ұстап отыр жастарға орын жоқ. Тексеретін еңбек құқығымызды қорғайды деп сіздерге жазып отырмыз

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + one =