«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтуде

0 225

 Бүгін «Астана» концерт залында   қала әкімі Әсет Исекешевтің  дәстүрлі халыққа  есеп беру  кездесуі  өтуде, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұған дейін 15-21 ақпан аралығында тұрғындар алдында   алғаш рет  қала әкімінің орынбасарлары  Сергей Хорошун, Қосман Айтмұхаметов, Ермек Аманшаев, Мәлика Бектұрова  және Асқар Әмрин есеп берген болатын.

Елорда әкімі орынбасарларының  тұрғындармен кездесуі «Ашық және есеп беретін мемлекет»  жобасы аясында өтті. Кездесуге қала халқы көптеп қатысып, жоғары белсенділік танытты.

Бүгінгі Астана әкімінің есепті кездесуі «Сұрақ-жауап» түрінде өтуде. Әсет Исекешев өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығарып,   елорданы одан әрі дамыту жоспарымен бөлісуде. Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды