«ASTANA PIANO PASSION» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ КӨБЕЙДІ

0 123

9eU85pCdYEW0qz9C41i3Hvd9Z6ETbT

Халықаралық конкурстың ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі мен «Accordi di Astana»  қоғамдық қоры байқаудың жүлде қорын көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы astana-app.kz  cайтында хабарланды. Енді байқаудың жүлде қоры 60 000 АҚШ долларын құрайтын болды.

Жүлде қорын көбейтудің басты себебі талантты пианистерді даярлайтын ұстаздардың еңбегін ынталандыруға байланысты болып отыр. Бұдан былай байқауда  кіші, орта және үлкен жас аралығы бойынша 1, 2 және 3 орынға ие болған жүлдегерлердің ұстаздары 1 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады. Бұрын тек бірінші орын алған жеңімпаздың ұстазы ғана марапатқа ие болатын.

«Astana Piano Passion» екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер конкурсы 2014 жылдың 10 – 16 мамыр күндері өтеді. Байқаудың көркемдік жетекшісі әрі қазылар алқасының құрметті төрағасы – Ресейдің халық артисі Денис Мацуев.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 19 =