Astana Open турнирі

0 26

Елордада ATP 250 Astana Оpen беделді турнирі басталды. Әлемдік рейтингтің жүздігіне кіретін кәсіби теннисшілер рейтинг көрсеткіші мен жеңімпаздық атаққа таласады.

Жарыс қарсаңында жеребе тарту рәсімі мен іріктеу ойындары өтіп, 32 қатысушыдан құралған сайыс кестесі әзірленді. Турнирдің алғашқы раунды Ұлттық теннис орталығының барлық корттарында өтті.
Дүбірлі додаға қазақстандық спортшылар да қатысады: рейтингте алтыншы сатыда тұрған Александр Бублик, Дэвис кубогындағы Қазақстан құрамасының мүшесі Михаил Кукушкин, сондай-ақ ұйымдастырушылардан уайлд-карт иеленген Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов.
Astana Оpen қатысушылары арасында Бенуа Пэр (әлемнің 27-ракеткасы), Миомир Кецманович (39), Адриан Маннарино (41), Джон Миллман (44), Теннис Сандгрен (48), Фернандо Вердаско, Френсис Тиафо және т.б. теннисшілер бар.
Турнирдің финалы Ұлттық теннис орталығында 1 қарашада өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 275 мың доллар.
Матчтарда коронавирустық пандемияға байланысты қатаң қауіпсіздік шаралары сақталған. Барлық ойындар көрерменсіз өтеді. Матчтар тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы және Eurosport арнасы арқылы көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 10 =