АСТАНА ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

0 82

Бүгін – «Астана ақшамының» туған күні

Тәуелсіздік таңы алдында «Ақмола ақиқаты» атауымен дүниеге келген бұл басылымның ақпарат кеңістігінен өз орнын алғанына тура жиырма екі жыл толды.

Азды-көпті осынау уақыт аралығында газет беттерінде оқырманның рухани олжасына айналған небір тұшымды дүниелер жарық көріп, көзі қарақты көпшіліктің көңілінен шыққан көптеген көкейтесті мәселелер көтерілді.

Ұлт сөзін ұстаған барлық қазақтілді басылымдар қатарында ел, жер, тіл тақырыбын талмай қаузады.

Редакциямыздың құтты шаңырағында есімі елге танымал тарлан журналистер жұмыс істеп, қаламының желі бар қабілетті жастар түлеп ұшты.

Бас қаланың баспасөз шежіресі іспетті «Астана ақшамының» арғы-бергі тігінділерін ақтарған адамның талай тарихты табары анық.

Ертеңі нұрлы елорда өміріндегі жағымды жаңалықтар, өзекті проблемалар, бағалы бастамалар ең әуелі біздің үнжарияда жарық көріп жататыны тағы талассыз.

Жақсы дәстүр жалғасын тауып, жазар көбейгей!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 2 =