Астана «Өмір сүргің келетін қала» атанды

0 127

Астана ТМД қалаларының YI халықаралық «ТМД және ЕурАзЭҚ үздік қаласы» байқауында «Өмір сүргің келетін қала-2013» аталымында диплом алды, деп хабарлайды astana.kz

Конкурстық комиссия қолайлы экологиялық орта құру, қала тұрғындарына жағдай жасау, атап айтқанда, қала нысандарын гүлмен рәсімдеу сынды критерилері бойынша елордамыздың дамуына жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, бұл тізімге – Астана қаласының жасыл белдеуін қолдау, қаланың кқлік жүйесін кешенді инновациялық дамыту, жеңіл рельсті көлік, жоғары жылдамдықты автобус тасымалы жобаларын жүзеге асыру және интеллектуалдық көлік жүйесін енгізу кірді.

Халықаралық байқау 2008 жылдан бері ТМД Атқарушы комитетінің, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің, Бүкілресейлік жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің (БЖӨБ) қолдауымен Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамлеясының (ҚХА) бастамасымен өткізіліп келеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 1 =