АСТАНА МЕН ХАНОЙ БАУЫРЛАСАДЫ

0 61

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл мәселесін, сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды жандандыруды талқылады.

Екі ел арасындағы сауда-саттық биыл 100 млн АҚШ долларына жуықтапты.

Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 59 млн АҚШ долларын құраған. Вьетнам басшысының Қазақстанға тұңғыш сапарына ризашылығын білдірген Елбасы: «Менің өткен жылғы Вьетнамға жасаған сапарыммен, биылғы бұл кісінің келіп отырған сапарының арқасында, екі елдің арасындағы қарым-қатынас бұрын болмаған жаңа дәрежеге көтеріліп отыр» деп атап өтті.

Өз кезегінде Вьетнам басшысы Қазақстанның аймақтағы және халықаралық сахнадағы рөлі мен қызметін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қазақстан мен Вьетнам Президенттерінің кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар құжаттар қабылданды.

Атап айтқанда, карантин және өсімдікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы, әуе қатынасын ашу туралы екіжақты Үкіметаралық құжаттарға, Астана мен Ханой қалалары арасындағы бауырластық қатынастарды орна­ту туралы және Қазақстан Ұлттық банкі мен Вьетнам Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Келер жылы Қазақстанның Вьетнамдағы мәдени күндерін өткізу жоспарланды.

Кездесу соңы Астанада Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет күндерінің ашылу сал­танатымен жалғасты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + twelve =