Astana Marathon – қайырымдылық жарысы

0 24

Astana Marathon 2021 жүгіру жарысына биыл Қазақстанның 45 қаласынан әуес­қой спортшылар қатысты. Бұл рекордтық көрсеткіш болды. Марафон жолына шыққан ең жас қатысушы – 18 жаста, ең үлкені 76 жаста болды. Жарысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың әріптестері, елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты.

image-27-09-21-10-22-9
image-27-09-21-10-22-8
image-27-09-21-10-22-7
image-27-09-21-10-22-6
image-27-09-21-10-22-5
image-27-09-21-10-22-4
image-27-09-21-10-22-3
image-27-09-21-10-22-2
image-27-09-21-10-22-1
image-27-09-21-10-22
previous arrow
next arrow

 Марафон жарысына қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов спорт мерекесіне айналған дәстүрлі шара туралы өз ойын білдірді. «Astana Marathon – әуесқой желаяқтар мен спортпен шұғылданатындар арасында танымал шара. Қала тұрғындарына арнап спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқанымызға қуанамыз. Себебі екпе алған тұрғындардың саны артып, қала қалыпты өмір ырғағына оралып жатыр. Жарысқа вакцина алған тұрғындар қатысты. Жүгіру аумағына Ashyq жобасы енгізілді.

Марафонға жастардың да, ересек тұрғындардың да қатысқаны қуантады. Қатысушылар арасында рухы мықты жандар – ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыз, шетелден келген қонақтар және алғаш рет қатысқандар бар. Astana Marathon-2021 екі қашықтық бойынша өтеді: 42.2 км және 10 км. Қазіргі марафон 2019 жылы World Athletics ұйымы берген «қола» статусына ие.
Марафонда ең бастысы – мәреге бірінші болып келу емес, іс-шараның өзінен ләззат алу. Өйткені жүгіру және үнемі спортпен шұғылдану денсаулыққа оң әсер етіп, иммундық жүйені нығайтады. Әрбір қатысушы – жеңімпаз, өйткені табандылық пен жаттығудың арқасында кедергілерді еңсере алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлеміз: қала тұрғындарының түрлі спортпен шұғылдануы үшін тиісті спорттық инфрақұрылымдар ашып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады.
Astana Marathon-2021 – қайырымдылық шара. Биыл жиналған қаражат ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жинады» деді елорда әкімі.
Классикалық марафонда, яғни 42,2 км жүгіру жарысында Өзбекстанның Ангрен қаласынан келген Владислав Мамедов (02:24:17) абсолютті чемпион атанды. Алматылық Данияр Орманғали екінші орынға (02:24:18), Бішкектен келген Илья Тяпкин үшінші орынға ие болды (02:24:23). Әйелдер арасындағы бәсекеде Қырғызстанның Жалал-Абад қаласының өкілі Гүлшана Сатарова (02:35:00) чемпион атанды. Екінші орынды Өзбекстан спортшысы Сабина Талачева бағындырса, үздік үштікті алматылық Ольга Богомольская түйіндеді.
Ал 10 километрге жүгіруде алматылық Рахымжан Келманов пен Татьяна Нерознак астаналық марафонның жеңімпазы атанды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − one =