«Астана марафоны» кезінде жолдар жабылады

0 109

Жексенбі күні, 4 қыркүйекте елордада жыл сайынғы халықаралық «Астана марафоны» өтеді, оған 5 мыңға жуық адам қатысады. Сағат 7:30-14:00 аралығында қаланың орталық көшелерінде қозғалыс тоқтатылады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жолдарда өз уақытын үнемдеу және дау тудырмас үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлауға тиіс.

f05486200a1e167abe4223369ea3cf55_XL

Ұзындығы 42 км маршрутта сағат 7:30-14:00 аралығында мына бағыттар бойынша қозғалыс шектеледі:

– Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан бастап, айналма жолға дейін (Қабанбай батыр даңғылы, әуежайға апаратын тасжол);

– Қабанбай батыр даңғылы – айналма жолдан Орынбор көшесіне дейін;

– Орынбор көшесі – Қабанбай батыр даңғылымен қиылыстан Сарайшық көшесімен қиылысқа дейін;

– Сарайшық көшесі – Орынбор көшесімен қиылыстан Байтұрсынұлы көшесіне дейін (соның ішінде М1 көпірі);

– Байтұрсынұлы көшесі – Сарайшық пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік даңғылына дейін;

– Тәуелсіздік даңғылы – Байтұрсынұлы к-сі және Тәуелсіздік даңғылымен қиылыстан Қалдаяқов к-сіне дейін;

– Қалдаяқов к-сі Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің өиылысынан Нәжімеденов көшесіне дейін;

– Нәжімденов көшесінен – Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелерінің қиылысынан Аманжолов көшесіне дейін;

– Аманжолов көшесі – Нәжімеденов және Аманжолов көшелерінің қиылысынан Қошкарбаев көшесіне дейін;

– Қошкарбаев көшесі – Аманжолов және Қошқарбаев көшелерінің қиылысынан Айнакөл көшесіне дейін;

– Айнакөл көшесі – Қошқарбаев және Айнакөл көшелерінің қиылысынан Абылай хан даңғылына дейін;

– Абылай хан даңғылы – Абылай хан даңғылы мен Айнакөл көшесінің қиылысынан Пушкин көшесіне дейін;

– Пушкин көшесі, Ташенов к-сі, Республика даңғылы және Сейфуллин көшесіне дейін;

– Сейфуллин к-сі – Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін;

– Сарыарқа және Тұран даңғылдары – Сейфуллин көшесінен Қонаев көшесіне дейін (Хан Шатыр).

Ұзындығы 21 км маршрутта сағат 7:30-12:00 аралығында мына бағыттар бойынша қозғалыс шектеледі:

– Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан бастап, айналма жолға дейін (Қабанбай батыр даңғылы, әуежайға апаратын тасжол);

– Қабанбай батыр даңғылы – айналма жолдан Орынбор көшесіне дейін;

– Орынбор көшесі – Қабанбай батыр даңғылымен қиылыстан Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысына дейін;

– Қонаев көшесі – Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысына дейін;

– Түркістан көшесі – Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысынан Түркістан және Достық көшелерінің қиылысына дейін;

– Достық к-сі – Түркістан және Достық көшелерінен Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысына дейін;

– Ақмешіт көшесі – Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысынан Ақмешіт пен Қонаев көшелерінің қиылысына дейін;

– Қонаев көшесі – Ақмешіт пен Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев к-сі мен Тұран даңғылының қиылысына дейін.

Ұзындығы 10 км маршрутта сағат 7:30-11:00 аралығында мына бағыттар бойынша қозғалыс шектеледі:

– Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысына дейін. Бұл жерде бұрылыс жасалады да қозғалыс кері бағытта жүреді;

– Тұран даңғылы – Тұран даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысына дейін;

– Достық көшесі – Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысынан Нұрлыжол және Достық көшелерінің қиылысына дейін;

– Нұрлыжол көшесі – Нұрлыжол және Достық көшелерінің қиылысынан Қонаев және Нұрлыжол көшелерінің қиылысына дейін;

– Қонаев көшесі – Нұрлыжол мен Қонаев көшелерінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысына дейін.

 

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 3 =