АСТАНА МАҚТАНЫШЫМЫЗҒА АЙНАЛДЫ

0 146

Өз басым өскелең ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келемін. Бұл мақсатта жаңа оқу жылы басталысымен округімде тұратын аз қамтылған отбасының балаларын мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз еттім. «Ақмола» қайырымдылық мекемесі медресесінің тәрбиеленушілеріне тұрақты түрде көмек көрсетіп келемін. Сонымен бірге, өзім сайланған №7 сайлау округінде тұратын, күнкөріс деңгейі төмен және мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға бір миллион теңге көлемінде атаулы материалдық көмек көрсетілді.

Құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі ретінде қаланың шет аймақтарындағы елді мекендерді дамытуды назардан тыс­ қал­дыр­ған емеспіз. Осылайша, Астанадағы Промышленный және Железнодорожный тұрғын алаптарында медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі мен 1200 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарланды.

Экологиялық мәселелер де өз шешімін тауып келеді. Бұл ретте мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ПИК Ассоциациясының өкілдері бір­ле­се күш жұмылдыруда.

Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұл­тан­­ Назарбаев айтқандай, елдің жаңа елор­дасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Сам­митін өткізген және ғаламдық ауқым­да­ғы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті.

Шәкір ХАХАЗОВ,
қалалық мәслихаттың депутаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + five =