Астана күніне орай еліміздің үздік музыканттары марапатталады

0 133

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет «Астана жұлдызы» атты кәсіби музыкалық шара өтеді, деп хабарлайды astana.kz сайты. Қаламыздың мәдени өмірінде маңызы бөлек шараға қатысушы музыканттар 5-ші маусым күні «Қазақстан» Орталық концерт залының қызыл кілем төселген жолымен жүріп өтеді.

«Жас елордамыздың 15 жыл­­­дық­­ ме­­рейтойын атап өтуі­­міз­­­­ге санаулы күндер ғана қал­­ды. Республикамызда соңғы жылдары Астана күнін атап өту­ – тағатсыздана күтетін сал­­та­­натты мерекелеріміздің бі­­ре­­гейі. Ағымдағы жылы біз «Астана жұлдызы» байқауын ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл марапат ұлттық музыка өнерін дамытумен қатар, төл музыка өндірісіміздің сапасын арттыра түсуге өз ықпалын тигізбек»- деп атап көрсетті «Қазақстан» Орталық концерт залында өт­­кен баспасөз конференциясында Астана қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Ма­­жағұлов.
«Астана жұлдызы» жүл­­де­­сі­­нің­­ аталымының саны еліміздің бас қаласы – Астананың мерейтойымен үндес: үміткерлер 15 түрлі аталымда бақ сынайтын болады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − seven =