«АСТАНА КЕШТЕРІНДЕ» ӘН ҚАЛЫҚТАЙДЫ

0 159

1309763590_den-astani_0

Қала күні қарсаңында өтетін халықаралық шаралардың бірі – «Астана кештері» өнер фестивалі. Талай дүлдүл бағын сынайтын дода биыл үшінші рет шымылдығын түрмек.

Биылғы шара 20-22 маусымда белгілі саясаткер Дариға Назарбаеваның қамқорлығымен және бастамасымен қолға алынады. «Астана кештері» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылатын үш концертте Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжан мен Италияның белгілі әншілері өнер көрсетеді. «Life» форматындағы концерттерде Лариса Долина, Олег Погудин және Нино Лежава сынды сахна жұлдыздарын көретін боламыз.

«Астана кештері» – қайы­рым­ды­лық шара, билеттер тегін таратылады. Ұйымдас­ты­ру­шы­лардың айтуынша, фестиваль тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтарының әлемдік музыка жауһарларымен сусындауына бағытталған.

Осыған дейінгі өткен екі фестиваль сәтті ұйымдастырылды. Оның бірін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалағаны есімізде. Қазіргі жоба бұрынғыдан да ауқымды да айшықты болмақшы.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + 12 =