АСТАНА КӘСІПКЕРЛЕРІ АЛҒЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

0 165

entrepreneurship2

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген 100 млрд теңге толық игерілді. Жалпы алғанда, Ұлттық қордан бөлінген қаржының 20 пайызы Астана және Алматы қалалары кәсіпкерлерінің игілігіне берілсе, 80 пайызы өзге өңірлерге тиесілі. Соның ішінде Астана көшбасшы орынға шықты. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев осылай мәлімдеді.

Қуандық Уәлиханұлының айтуын­ша, аталған қаражатқа 437 жоба қар­­жыландырылып, 23 жаңа кәсіп­орын ашылды. 144 заемшы 27 млрд тең­ге сомасына қайта қар­жы­ландырылуға мүмкіндік алды. Кә­сіп­­­орындарда соның есебінен жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыс­шылар саны
4,5 мыңға жетті.

– Аталған қаражатты біз жарты жыл ішінде игеруіміз қажет болатын. Бүгінгі таңда біз Мемлекет басшысының тапсырмасы толық­қанды орындалды деп айта аламыз: ақша игерілді, шағын және орта бизнес екінші деңгейлі банктерден бұрын алған несиелерді жеңілдетілген түрде қайта қаржыландыруға мүмкіндік алып, жұмыстарын жалғастыра алды. Жаңа кәсіпорындар құрылып, сәйкесінше жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарлама, шынында да, табысты болып, қазақстандық кәсіпкерлерге аса қажет екенін көр­сетті, – деді Қуандық Бишімбаев.

Спикерге сенсек, Ұлттық Қор қара­жатынан берілер соманың төрттен бір бөлігі, яғни  25 млрд теңге тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіп­орын­дарға берілді. Сөйтіп, тамақ өнер­кәсібі – қаржыны мол алған салаға ай­налды. Екінші орынға құрылыс  саласы шықты. Осы сала кәсіпкерлеріне  23 млрд теңге бөлінді.

Ұлттық қордан қаржыландырылған басқа жобалар арасында металлургия мен машина жасау, сондай-ақ, химия, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсібі, жиһаз өндіру салалары бар.

Сондай-ақ,  баспасөз брифингінде аймақтар белсенділігіне қатысты ақпар беріледі. Мысалы, Астана кәсіп­керлері 17 млрд теңгеге қол жет­­кізді. Ал, Қызылорда облысы бел­сенділігі ең төмен өңірлердің бі­ріне айналды. Сыр бойының кәсіп­керлері 430 млн теңгеден астам қар­жыға ғана ұсыныс берген. Мұндай мәліметті «Даму» кәсіпкерлікті қол­­дау қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова келтірді.

Аталған бағдарлама шарттарын айта кетейік, Ұлттық қор қолдау көрсеткен кәсіпкерлер 10 жылға дейін 6  пайыздық  мөлшермен  же-ңіл­детілген несие ала алады. Шарт бо­­­йынша кәсіпорын жұмысшылары 250 адамнан аспауы тиіс. Займның ең үлкен мөлшері 1 850 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, бағдарлама қайта қаржыландыру бағыты бойынша да жүзеге асады.

 Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 15 =