«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана дарындары анықталды

0 148

Тұңғыш Президент күнінде Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана дарыны – 2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған додаға 14-29 жас аралығындағы 200-ден аса үміткерден өтініштер келіп түскен. Нәтижесінде, қатысушылардың арасынан 15 аталым бойынша үздіктер анықталды.

Жүзден жүйрік шығып, көптің ішінен суырылып шыққан жас­тарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Сма­ғұл, белгілі спортшы Серік Сәпиев марапаттады.
Байқауда ғылым, үкіметтік емес ұйым, театр, қоғамдық қыз­мет, спорт, журналистика, жас кәсіпкер, жыл еріктісі, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, эстрада, жыл студенті, кино, үздік мемлекеттік қызметкер сынды аталымдар бойынша мықтылар анықталды. Олардың қатарында қазақ­тың атын төрткүл дүниеге танытып жүрген ерекше
дарын иесі Димаш Құдайберген, соңғы уақытта көп­ші­лік­тің көза­йымына ай­налған «Арман» киносының басты кейіпкері Жұлдыз Әбдікерімова да бар.
– Астана дарындарын анық­тау –
жас та болса бас қаланың абыройын асқақтатып жүрген әр саланың өкілдерін ынталандыру, жұмыла жұмыс жасай беруге шақыру деп түсінемін. Қала әкімінің марапатына ие болу – мен үшін үлкен үдеден шығуға ұмтыла түсу, ерінбей еңбек етуге күш салу. Бүгінгі жеңісім үшін қуаныштымын, – дейді «Журналистика» аталымы бойынша үздік деп танылған әріптесіміз
Назерке Жұмабай.
Қатысушылардың құрметіне эстрада өкілдерінің қатысуымен концерт өтті.
Биыл алғаш рет шымылдығы түрілген байқауды қала әкімдігі дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Гүлжан Рахман

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды