©2020 Астана Ақшамы
Астана әуежайында қомақты ақшамен ұсталды
Қырғызстанның 30 жастағы азаматы Қазақстан арқылы Түркияға декларацияланбаған 27 мың доллардан аса ақша алып өтпек болғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы өткізу бекетінің шекара кезекшілігі «Астана-Ыстамбұл» бағытындағы рейстен декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтпекші болған Қырғызстан азаматын ұстады. Шетелдік азаматтың ұсталғандығы туралы ақпарат өзара іс-қимыл жасаушы органдарға хабарланды.