АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ ЖАҢА ДӘУІРГЕ АЯҚ БАСТЫ

0 151

W0573YuuKXM0WjSnCEpEif6VZlh5sL

Бақылау көрсеткеніндей, әуе көлігінде көрсетілетін қызметтің түрлері мен сапасына жолаушылардың қоятын талаптары әр сапар сайын арта түсуде.

Сондықтан, болашақта авиаиндустрияда «өз бетінше саяхаттайтындардың» ұсыныс-тілектері қандай болатынын қазірден бастап ойлану керек сияқты. Тәжірибе жүзінде әуе компаниялары мен әуежайлар жолаушыларға қызмет көрсетуде қандай өзгерістер енгізе алады? Әуе тасымалының жаңа дәуірі жақындаған сайын жедел әрі лайықты қызмет көрсетумен бірге авиациялық бизнестің тиімділігін арттыру міндетінің де өзектілігі арта түсуде.

Амстердамда өткен «ICT Forum 2014» еуропалық авиациялық конференцияда Ресей мен ТМД-дағы «SITA» компаниясының вице-президенті Дмитрий Краснов қазақстандық әуе тасымалдаушылар мен әуежайлардың ІТ-технологияларды енгізуге мүдделі екендігін жеткізді.

Вице-президенттің айтуынша, барлық ірі әуежай­лар өзін-өзі тіркеу дүңгіршектерін орнатуға мүдделі көрінеді. Бұл Алматы мен Астана жолаушыларына рейстерге өз бетінше тіркелуге, ұшақта орын таңдауға және отыру талонын басып шығаруға мүмкіндік береді.

Астана қаласының халықаралық әуежайы мау­сым­дық кестені әзірлеу барысында «SITA-ның» опе­ра­циялық қызметті жоспарлау жөніндегі шешімін қол­дана бастады. Бұл әуежайда жаңа буын технология­ларын орнатудың алғашқы қадамы болып табылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 15 =