«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«ASTANA AQSHAMY» Елбасының Алғысын алды

0 236

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсыру және алғысын жариялау рәсіміне қатысты.

Рәсім барысында Гүлшара Әбдіқалықова сыйлық лауреаттары мен грант иегерлерін, Мемлекет басшысының алғысын алған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ Қазақстанның барша журналистер қауымын кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысының өкімімен Президент сыйлығы «іnformburo.kz» интернет-порталының бас редакторы Михаил Викторович Дорофеевке, «Астана» республикалық телеарнасының бас директоры Ләззат Мұратқызы Танысбайға берілді.
Гранттар «Хабар» республикалық телеарнасының сараптамалық бағ­дарламалар бөлімінің тілшісі Айгүл Нұрханқызы Әділоваға, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Мейіржан Әлібекұлы Жиенәліге тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы «Алматы» телеарнасының, «Астана ақшамы» респуб­ликалық қоғамдық-саяси газетінің, «Балдырған» республикалық балалар журналының, «Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының» шығармашылық ұжымдарына жарияланды.
Елорданың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін берілген алғысты Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықовадан «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы, Президент сыйлығының иегері Еркін Қыдыр қабылдап алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды