Астана аққулары

0 141

Жазда Есiлдiң көркiне айналған Астана аққулары бұл күнде қайда екен? Бiздiң кезектi нысанамызға елорда саябағының айшығына айналған аққулар түстi. Осы орайда, құстардың қамқоршысы, орнитолог Светлана Стариковамен кездесiп қайтқан едiк.
Жұбымен жарасымды, сұлулық¬тың символына айналған Астана аққу¬лары әзiрше орталық саябақ¬тағы қысқы орында екен. Оларды қоректендiрiп, бiр мезгiл сыртқа шы¬ғару Светлана Стариковаға жүк¬телген. Ол – 6 жылдан берi аққулардың қасында. Жалпы, әсем құстардың саябақта тiршiлiк етiп келе жатқанына он жылға жуық¬тапты.
Осыдан екi жыл бұрын балапан ерте шыққан қос жұп елорда¬лық¬тарды ерекше қуанышқа бөлеген едi. Қазiр сол кездегi көгiлдiр түстi үлпiлдек балапандардың қанаты қатайып, мойны ұзарып, көркем құс¬қа айналған. Мұнда барлығы – 8 аққу бар. Бұлардың жетеуi сұң¬қылдақ аққулар түрiне жатады. Ал тұмсығы мен көздерiнiң айналасы қап-қара, өзгелерден ерекшелеу тағы бiр құс төресi сыбырлақ аққу екен. Әзiрге оның жұбы жоқ. Өйт¬кенi, оны кiшкентайында қала ше¬тiнен тауып алған бiр адам осында әкелiп берген көрiнедi.
Мұқағали ағамыз аққуды тек әдемiлiк пен махаббат адалды¬ғы¬ның символы етiп қана қоймай, қазақ мәдениетiнiң символы ре¬тiнде бейнелеген. Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. «… Аққу мойын, сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап» деген өлең жолдары айдын еркелерiнiң әсемдiгiн паш етiп тұр.

P.S: Астаналық аққулардың қысқы орны жылы дегенi болмаса,
тiршiлiгiн үнемi суда өткiзетiн құс төрелерiне қолайлы еместiгi көрiнiп тұр. Аққу – сымбатты әрi таза, адал құс. Сондықтан, Астана айшығына айналған әсем құстарды ұстайтын орын да соған лайық болса, жақсы болар едi.
Серiкгүл СҰЛТАНҚАЖЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =