«АСТАНА» – АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕ

0 68

Өткен сенбіде Қазақстан премьер лигасының төртінші тур ойындары аяқталды.

Тур барысында Оралдың «Ақ­жайығын» қостанайлық «Тобыл» өз алаңында қабылдаған еді. Екінші таймның соңына қарай ғана есеп ашыл­ған бұл ойында қарсыластар тең түсті. Есеп – 1:1.

Жанкүйерлерге қайталанбас әсер қалдырған «Ақтөбе» мен павлодарлық «Ертістің» ойынын «сары қағаздар матчы» десек те болады. Себебі, ойын барысында жеті ойыншы ескерту алып, бір ойыншы алаңнан қуылды. Соңғы жылдары үздіктер санатынан түспей келе жатқан қос команда, өкінішке қарай, бір-бірінің осал тұсын таба алмады – 0:0. Бірақ, «Ақтөбе» әзірге көш тізгінін уысынан шығарған жоқ. Сондай-ақ, «Жетісу» мен «Шахтер» және «Атырау» мен «Ордабасы» ойындарында да есеп ашылмады. Есесіне, «Астана» командасы өскемендік «Востокты» бір гол айырмасымен жеңді.

Бұл турда ең тартысты өткен ойын «Тараз» бен «Қайраттың» арасында болды. Тең деңгейде өтіп жатқан матчта бірінші боп «Тараздың» ойыншысы Курто есеп ашты. Артынша осы Курто әдемі пас жасап, екінші голдың салынуына себепкер болды. Гол авторы – Диакате. «Қайрат» ойыншыларының жауабы тек бір голмен ғана шектелді – 2:1. Голды салған – Байжанов.

Соңғы көрсеткіш бойынша турнир кестесін «Тараз» бастап тұр. Екінші – «Ақтөбе», үшінші орында – «Астана». «Қайрат» алғашқы ондықты түйіндесе, көш соңында – шымкенттік «Ордабасы» командасы қалып келеді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + eighteen =